Қош келдіңіздер!

15 янв. 2013 г.

Әдебиеттен де кетеді екен


Америка әдебиетінің негізгі тұлғаларының бірі, жазушы, этнограф Филип Рот 79 жасында «Әдебиеттен кеттім!» деп жар салды. Ол 2010 жылы шыққан атақты «Немезида» романы өзінің ең соңғы шығармасы екенін Les inRocks басылымына берген сұхбатында жария етіпті...

толығырақ  
«Менің жасым 78-ден асты. Мен енді мына заманның, Американың қалай өзгергенін білмеймін, қандай қалыпқа түскенінен хабарым жоқ. Теледидардан көргеніммен, оны тірідей өз басым өткеріп, көзіммен көргем жоқ. 50 жыл бойы әдебиетке адал болдым» - дейді Рот. Ол 30 роман жазып, санынан сана жаңылысқан әңгімелері мен повестерін халыққа ұсынған. Оның ойынша, келесі бір жазылған қандай да бір роман ештеңені де өзгертпейді, тіпті абыройына нұқсан келтіретін дүние ғана болуы ғажап емес. «Мен айтарымды айтып болдым» деген жазушының сұқбатына жас жазушы Бейбіт Сарыбай былай деп пікір білдіреді:

- Мұны оқи сала өзгеше бір ойдың тізгінін ағытады екенсің. Расында да, дарын, қуатты, толағай, терең, ауыр, түгесілмес, адуынды, айбарлы, жалындай боп келсе де, теңіздің тартылуы секілді адам да айтары таусылған кезде мұны ашық мойындай алса дейсің. Мойындау – ерлік болса, біздің корифей атанып кеткен, энциклопедиялық білімді бойына лықа толтырған, абыз ақын-жазушыларымыздың ішінен «ерлік жасаушылар» неге жоқ деп ойланамыз.
 Ал менің пікірімше Рот әдебиеттен 50 жыл адал еңбек етсе де америкалықтарды адамгершілікке тәрбиелей алмағанына, бүгінгі американдықтарға көңілі толмағандықтан кетем дегендей көрінеді.
Дайындаған Оңай Мырзағалиева 

Комментариев нет:

Отправить комментарий