Қош келдіңіздер!

1 апр. 2014 г.

Өмір деген не?





Осы сұраққа әркім өзінің түсінігінде, деңгейінде жауап берер: біреулер жаттанды сөзбен, біреулер ұлылардың дәйектемесімен, енді біреулер фәлсапа соғып дегендей. Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық ациясына таңдалған көрнекті жазушы Сайын Мұратбеков шығармаларында «Өмір деген не?» деген сұраққа өте қарапайым, дәл жауап береді: - Өмір деген кең жарық дүниедегі тіршілік, күнделікті тұрмыс, тірлік емес пе? Ал сол тіршілікті, тұрмысты жасап жүрген өзіміз ғой. Ендеше «ӨМІР» деген «ӨЗІМІЗ» емеспіз бе?
 
Меніңше, ой салатын сөз. Оның әрбір әңгімелерінен өзіңді немесе айналаңдағы тұлғалардың бейнесін, қылығын көресің, көресіңде не түңілесің, не сүйсінесің.   
Біз кітапханашылар оқырмандарымызға ұсынар алдында акцияға таңдалған шығарманы алдын ала оқитын әдетіміз. Бұл жолы да кітапхана қорында бар Сайын Мұратбековтің шығармасын кезекке тұрып оқи бастадық. «Жусан исін» кезінде оқыппын, тағы бір рет оқып, ой түйдім. Асылы біз қазақтар қонақжаймыз, дарханбыз, жетімін жылатпаған халықпыз деп мақтанамыз. Бекер ғой сол мақтаншақтығымыз. Тереңдеп қазбалай бермейін, өзіміз тірлігімізде кездесетін, жетім болмай-ақ (құдай сақтасын!) ағайынның қолына балаңның күні түсе қойсыншы, көрейін! Шығармадан тағы бір түйгенім, демеуі болмаса біздің қоғамда таланттылар өліп-өшіп қалады. Өйткені дарынсыздар жол бермейді. Қашан осы қабілеттілердің мерейі үстем болып, бағаланар екен?! Бұл енді қазіргі қалыптасқан жағдайға өкпе-назым.
С. Мұратбековтің оқуға ұсынылған «Басында Үшқараның...» атты хикаясы менің түсінігімше, ер адам психологиясын ашып беретін секілді. Әлде қателесем бе?
Мүмкін автор адамның сонау келмеске кеткен, сағынатын кездерін суреттегені шығар деп те ойладым.  Оған себеп хикаяның аталуы және өмірі пәк, сезімі таза кезін сағынған Зағипаның зарлы әні:
Басында Үшқараның қос барабан,
Сол таудан дария шалқар су тараған,
Сұлу қыз, көркем жігіт бәрі сонда,
Айпырмай, неге келдім сол арадан...
Шығарманы оқып отырып, басты кейіпкер Әсеттің ойы арқылы ер адамның әйелдер туралы түсінігіне мән бересің. Өмір тауқыметімен (оның үстіне ерлі-зайыптылар арасында жанып тұрған махаббат болмаса) азып кеткен бала кездегі досы Зағипаны көргендегі кейіпкердің ойы: «Әркімнің өзіне лайық биігі болмай ма», өз әйелі туралы мақтан сезім арқылы, бұрынғы құрбысын қораш сезінеді. Ал енді өзіңді күтпей гөр!
Шығармадағы маған ұнап, түртіп алған қарттың сөзі: «Ағайын-тума алыста жүргенде, көп көрмесе бауырлары езіліп, емексіп тұрады, ал ертең осылардың ортасына келші...». Расында да  біздің қазақ сондай. Қолда барда қадірің болмайды.
Шығармада ауылдық адамды өмірден түңілдіретін қылықтарын бірнеше жерде оқисың.
Бәрін айт та бірін айт, Зағипаның сағынышқа толы, кіршіксіз таза шағын сағынған сәтін қанжылап оқисың. Сол кездерді біз де аңсаймыз.
Бұл енді менің өзімше пайымдауым, әркім өз патша көңіліне салып, ой түйеді. Шығармаларды оқып алып, «и чье?!» дегендер де болды.
Сен қалай ойлайсың, көзі ашық, көңілі ояу оқырман?

1 комментарий:

  1. Анонимный29 января, 2022 02:57

    Bet365 online casino - Play at KadangPintar
    Bet365 online casino is the best 제왕 카지노 online casino with millions of games to choose from. Bet with KadangPintar today. Enjoy the best casino games 샌즈카지노 from kadangpintar

    ОтветитьУдалить