Жақында Санкт-Петербург қаласына іс-сапармен барып
қайттым. Ресейдің осы бір тарихи, әдемі, жұмбақ қаласында тура бір апта болдым.
Бұрында да,нақтылап айтсам, қайта құру заманында атүсті болғаным бар. Ол кезде
осы жолғыдай аралап көруге мұрша болмаған. Сол өзгермеген қалпы.
Ғимараттардың
барлығы дерлік архитектуралық-ескерткіш дерсің. Бойына бір тылсым құбылысты
жасырып тұрғандай. Кейде қала көшесінде кетіп бара жатып, өзіңді кеңес
кезеңінде жүргендей сезінесің. Халқы жұпыны болып көрінеді, әлде Еуропада болып
көрмеген мен бейбаққа солай көрінді ме, білмеймін, киім кию стилдері қарапайым.
Санап көрсем, бір аптаның ішінде 28 сағаттай уақытымыз
метроның ішінде өтіпті. Метролары өте күрделі, Алматының метросы оның
қасында-а-а-а....., бірақ сән-салтанатын қатырған дейді ғой, ал
Санкт-Петербургтің метросының көтерілетін жерінің сүйенішін қолыңмен ұстағың-ақ
келмейді, егер қауіпсіздік ережесін сақтамасаң, қадағалап отыратын арнайы
қызметкерлері ескерту жасайды. Метрода маған: «мұндай алып көлік жолын салу
үшін барлық одақтағы халықтың қаржысын кетірді-ау» - деген ой келді.
Дегенмен халқы өте сыпайы, ер адамдары жүгіңді көтерісіп
жіберіп, сұрағыңа елпілдеп жауап береді.
Мені тәнті қылғаны кәсібіме байланысты дәріс берген
СПбММӨУ профессорлары. Өте білімді, егде тартқандарына қарамастан ағылшын тілін
еркін меңгерген. Қазақстандық біздерге үлкен құрметпен қарайды. Сіздерге қаржы
жақсы бөлінеді ғой, Елбасыларыңыз мықты ғой деген пікірде.
Әрине сыртымыздан
жылтырап көрінуге тырысамыз, бірақ мүмкіндікті пайдаланбаймыз, білімізді
өздігімізден көтеруге жалқаумыз. Беріліп тұрған «шансты» жібермей, өз басым
ауыздарынан шыққан сөздерді қағып алып, жетеме тоқып отырдым. Түсінбегенімді
келген соң Интернеттен іздеп, таныстым. Әріптестеріміздің жалақасы ондағы
тұрмыспен салыстырғанда өте төмен екен.
Бізде шүкіршілік ететін жағдай бар екен. Соны аңғардым.
Іс-сапар көзқарасымды аздап өзгертуге сеп болды.
Дегенмен Санкт-Петербург өзіне тартады. Дәм-тұз бұйырса,
тағы барармын-ау.

Комментариев нет:
Отправить комментарий