Қош келдіңіздер!

16 янв. 2013 г.

Қазақстандық жастар оқуға және қазақ тіліне аударылатын 100 кітапты таңдайды



Кешегі Елбасының жолдауында (2012, 14 желтоқсан) жастар үшін 100 озық зманауи кітаптарды мемлекеттік тілге аудару бастамасы көтерілген болатын. Міне, Елбасының идеясын іске асыруда Қр Ұлттық академиялық кітапханасында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Кел, жастар, оқылық!» Республикалық компаниясы жұмысын бастап та кетті...

Толығырақ
      – Кампания қазақстандық жастардың оқырмандық мәдениетін көтеруге, оқу талғамын қалыптастыруға бағытталған. Біз жастарды кітап оқуға шақырамыз, өйткені әр елдің рухани мәдениеті кітаптан басталады. Сонымен қатар қазақ тілінің де мәртебесін көтеруді мақсат тұттық. Сондықтан да жастар арасында оқуды сәнге айналдыру үшін, аударылатын кітапты өздерінің таңдауына мүмкіндік береміз», - деп мәлімдеді “Жас Отан” ЖҚ орталық кеңесінің мүшесі Бақытжан Нарымбетов.
Шараға жастар ұйымының белсенділері мен жетекшілері, жас ақындар, ұлттық телеарнаның журналист жастары, белгілі блоггерлер қатысып, пікірлерін ортаға салды.
Әрине, бұрыннан да миссиясы кітап оқуды дәріптеу болып табылатын кітапхана ұжымы  «Кел, жастар, оқылық!» Республикалық компаниясын қолдайтындықтарын білдірді.
   Кітаптар оқу орындары мен әлеуметтік желілерде жүргізілген сауалнамалар арқылы белгілі болады. Сонымен қатар, кітап таңдауында жанр мен кітап түріне шектеу болмайтыны белгілі болды. Он мыңнан астам жастан алынған әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі Қазақстан республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі.
Менің (О.М.) пікірім: жастар оқымайды деген жаңсақ пікірде екенбіз. Жастардың замандастарының кітап оқу стилі, оны таңдауы туралы айтқан пікірлері, ұсынған ұсыныстары («оқуды жастарға міндеттеу, яғни «тізеден басу» керек , сондай-ақ кітап насихаттауда менеджмент керек, талғамды өзіміз қалыптастыруымыз қажет деген Макпал Жұмабайдың,  Өркен Кежебайдың ұсыныстары) көңілімізден шықты. Бірлі-жарым белсенді жастар: неге біз өзгеге еліктейміз, өзіміздің қазақ әдебиетін жастарға сіңдіріп алайық деп ой тастады, Менің айтарым, қазақ әдебиетін оқысын-ақ, бірақ та мүмкіндік болып тұрғанда әлем жауһарларын қазақ тілінде оқығанға не жетсін. Өз басым бала кезімде (оқуға уақыт жеткіліктіііі болған кезде) қазақ жазушыларының бірталайын оқып тастағанмын, ал менің орысша оқыған інім орыс тіліндегі бүкіл әлем классиктерін оқып тауысқан, әрине інім жан-жақты, энциклопедист атанды, ал мен тіл байлығымды ғана байыттым. Асылық етпейін, мінез-құлқымның қалыптасуына септесті. Бірақ кейін «Әлем әдебиеті» журналынан әлем жауһарларымен танысқанда, көзқарасым өзгерді.
Сондықтан жастар, мүмкіндік туып тұрғанда таңдаңдар, оқыңдар, талғамдарыңды дамытыңдар, алтын уақыттарыңды жеңіл-желпі оқиғаларды, орыс жұлдыздарының ойдан шығарылған өмірлерін, әккі аспазшы ретінде айтайын, жалған берілген тамақ мәзірін (интернетте берілген) тағысын тағыларды оқумен өтпесін деп тілеймін.
Дайындаған: Оңай Мырзағалиева
Тег:


1 комментарий:

  1. Анонимный26 января, 2013 20:59

    Ия айтуыңыз рас... менің қосатыным сол біздің қазақ әдебиет кітабтарымызды электронкамызға еңгізуміз керек. Соған арнайы сайт ашу керек деймін-ау!

    ОтветитьУдалить