Қош келдіңіздер!

25 июн. 2013 г.

Фаризаны оқи отырып...


Жақында  Фариза Оңғарсынованың "Фолиант" баспасынан биыл ғана шыққан су жаңа "Ғашық сезім" атты лирикасы қолыма түсті. Бұл жинақ ақынның әр жылдары жазған лирикалық өлеңдерінен тұрады екен. Оқи отырып, өзіме әсер еткен өлең жолдарын теріп жазып, сіздермен бөліскім келді. Меніңше, бұл жолдар "қанатты" сөздерге айналу керек.

Жол соңына жасықты қалдыратын
өмір деген өзі де бәйге емес пе?!
                                                  "Қыз қуу"
...Сүймей, күймей, зар қылмай,
өмір сүру - бір қайғы:
сыйласудан
              тағдырдай
шын махаббат тумайды.
                                                "Диалог"
Бірді сүйген жүректі
көпке ұсынғым келмейді.
                                              "Қыз сыры"
"Махаббатың - күлкі емес,
мұңсыз сүю болмайды!"

"Алдамшы екен ғой мынау жалғанда 
                                                         бәрі де,
махаббатымнан өзгенің"

"Махаббаттың күйігі - ерлер емес,
әйел ғана шыдайтын азап-төзім".

"Бұл дүниенің қасіреті менше -
ұғыса алмайтын жандардың
түсініскен боп жүргені"

"Түсіну де, меніңше дарындылық"

"Мейірімсіз, қатал десек те,
әр жанның жүрек оты бар.
Бақытын оймен есептеп,
елжіреп кейде отырар..."

"Сүйікті болу, сүю хақ
адам боп жаратылғасын"

"Өмір - жасыл бақ емес, арналы құз,
таба алмайтын сәттер бар қарманып із.
Бұл тірлікте түк емес кейде біздің
ұғыса алмай, керісіп қалғанымыз". 

"Махаббат аңсар, менің де,
                                         балғын жүрегім
"Кімді де болса әйтеуір сүйші,
                                        - деп, - жүрек",
жалындым, талдым, жүдедім".

"Жекеменшік аңсайды көңіл-сайқал,
Содан барлық желігі басылардай..."
                              (көңілдес әйелдің көңіл-күйі) 
"Сыйлағаннан махаббат тумайды..."

                                                              жалғасы бар




Комментариев нет:

Отправить комментарий