Қош келдіңіздер!

29 июл. 2013 г.

Дойыр мінез еркектің жазасы

Замандастар, біздің заманымызда ақылынан гөрі ашуы көп, әлсізге әлімжеттік жасайтын, жау шапқандай әйелін ұрып-соғып, ең сорақысы мүгедектікке дейін жеткізетін еркектердің жазасы қандай? Егер әйелі оның бәрін жасырған жағдайда, айтыңыздаршы?
Ал баяғыда мұндай еркектердің жазасын билер келістіріп тұрып берген! Кінәлінің аяқ-қолын төрт жаққа, төрт қазыққа керіп байлап, денесін жалаңаштап, дамбалшаң ғана қалдырып, шалқасынан жатқызып, үстінен бес жүз қойды айдап өткізеді екен!
Белгілі жазушы Жанат Ахмадидің Қазақ әдебиеті газетінің № 27-28 санына шыққан "Көкбет әйел жазасы" атты әңгімесін оқып, әсерленгенімді жеткізгім келіп отыр. Әңгіме аға-жеңгенің қолынан шұлғауын сүйреткен ынжыққа ұзатылған жетім қыздың үйден алмаған тәрбиесінің кесірінен көкбеттеніп әркіммен ұрсысып, ақырында жүгенсіз, дойыр мінезді қайнысының ашуына тиіп, ерінсіз қалуы туралы. Билер жиналып, әділ үкім шығарады. Ақырында келінді қорғап келген Қызай ананың тапқырлығының арқасында көкбет әйел еркіндік алып, еліне балаларымен қайтады, ал қайнысының жазасы жоғарыда айтып өткендей. Мың асқанға бір тосқан деген осы. Әңгімеде екі жақтың билері біршама айтысады, небір философиялық мағынасы терең сөздер айтылады. Солардың біразын әдетімше жазып алдым:
"Балаңды өзің түзет, өзің түзетпесең, өмір түзетеді" деген бар. Өмірдің түзетуіне қалсаң, сілекпеңді шығарып, мойныңа су құйып барып, түзетеді"
"Қызбақандылық бір қырсыққа жетелемей тұрмайды"
"Әйелдің дауысы қатты шаңқылдап шыққан үйдің босағасынан жақсылық күтпе"
"Зомбылық есіктен кірсе, әділдік шаңырақтан шығады"
"Ұнамайтын келіннің ұлдары да сүйкімсіз"
"Жаман есірсе зорға салған тамы тар көрінеді, зорға алған қатыны қар көрінеді"
"Есіріп кісі өлтірсең, ес кіріп құн төлейсің"
"Досың аз, дұшпаның көп болса, жер боласың, ақылыңнана ашуың көп болса, қор боласың"
Керемет әңгіме!

Комментариев нет:

Отправить комментарий