Кеше қарашаның 5-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына ынтымақтастық әріптестік мақсатта М. Ф. Ахундов атындағы Әзербайжан Ұлттық кітапханасының директоры Керим Мұхаммед оғлы Таиров мырза және сол кітапхананың ғылыми хатшысы Джафарова Алина ханым Рафикқызы келді. ҚРҰАК мамандары қатысқан дөңгелек үстел өткізілді.
Еліміз бас кітапханасының хал-жағдайымен таныстырған біздің сөздерімізден кейін қонақтар сөз алды.
Таиров мырза нағыз кәсіби тұрғыда сөйледі. Әлем кітапхана қауымдастығының бәрін толғандырып жүрген мәселелер әрине, әзербайжандық әріптестерімізді де бей-жай қалдырмайтынын айтқанынан байқап отырдық. Ол кісі қазір көп айтылып жүрген кітаптың жақын болашақта құритынын, электронды форматта дамитынымыз жөніндегі пікірлерге қосылмайтынын және сенбейтінін, кітап адамзат қанша өмір сүрсе, соншалықты өмір сүретінін, кітап болған, бар және бола береді деп нығыздап айтты. Тағы бір бізге ұнағаны - оның мына бір сөзі: "Біз мемлекеттік мекеме немесе билік үшін, солардың тапсырмасы үшін емес, оқырманның қандай да бір ақпаратты (күрделі әрине) кітапханадан алып, алғысын айтқаны үшін қызмет етуіміз керек. Бұл біз үшін қуанышты емес пе? Сол үшін де күшімізді біріктірейік, ынтымақтастықта болайық, ақпарат алмасайық" деді. Таиров мырзаның нағыз маман екенін мойындадық.
Енді әріптестер болғандықтан тәжірибе алмасамыз. Біз үшін күрделі мәселелердің оларда қалай шешілетінін сұраймыз ғой қашанда.
Оларда авторлық құқық мәселесі мемлекеттің қамқорлығы арқылы шешіледі екен. Кітапханаларына міндетті дана 100 данамен беріледі, ал олар алған кітаптарын елдің көпшілік кітапханаларына таратып береді. Бізде заңдағы соңғы өзгерістер арқасында міндетті дана 1-ден беріледі делінген, бірақ Алматыдағы Ұлттық кітапханалары ішінара міндетті дананы алып отырғанын айтпағанда, бізге бұл даналар келмейді де.
Әзербайжан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан бастап әліпбиін латынға көшіргені белгілі, 12 жыл латын мен кириллица қатар жүріп, көптеген қиындықтарды бастан кешіріп барып, президент Әлиевтің табандылығымен баспа қызметі түбегейлі латынға көшкен, міне енді олар мемлекеттік тапсырыспен шыққан барлық кітаптарды латын тілінде және тек кітапханаға беру шешімі шыққан, мұндай кітаптар мүлдем сатылмайды екен. Президент ел құндылығы үшін қаражат көзін тапқан.
Біздің латынға көшуіміз туу 2025 жылға жоспарланған, оған көшкеннен кейін де қанша итіс-тартыс болатыны белгісіз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий