Бұл ойлар маған кеше келген, "қарапайымдылық, кішіпейілділік" туралы қалыптасқан аксиомаға қарсы шықтым. Айналаңа қарасаң қарапайымдылық танытып, кішіпейілділік көрсетіп тұрағн адамдарды көрмейсің. Мүмкін бар шығар, бірақ соңғы 3 жылда (Астанаға келгелі) маған кездеспеді. Мүмкін көңілім қалғасын осылай жазған шығармын.
Бетпақ адаммен бетпақтанып сөйлесу керек, егер қолыңнан келсе, келмесе қор болып отыра бер.
Әдетте қорқау адамдар ғана әлсіздерді басына алады.
Егер қарымта қайтармасаң, ол ақымақ өзін жеңдім, міне, енді осылай істеп тұру керек деп ойлайды. Дөрекілікке сыпайы жауап беру керек дейді. Қалай? Ол оны ұқпайтын топас болса.
Қарапайым болсаң, бақыттысың дейді. "Кішіпейілділік - кішілік емес, кісілік" дейді. Сенің кісілігіңді біліп жатқан адам бар ма? Менің ата-анам, менің бауырларым, мен, енді менің балаларым қарапайым, аңғал, туа біткен мінез. Сонда біз өзімізді жайлы сезінеміз бе? Жоқ. Сені басынады, менсінбейді. Қазір қоғамда қандай адамдар сыйлы, қандай адамдар төрге шығады (кейбіреулер өздері шығады, сенен бір саты жоғары орынды таңдайды, қарапайым болып отыра салмайды алдындағы орындыққа, жоғарырақ отыруға мән береді. Қызығы сол жастар сондай)? Әрине, әлдеқандай болғандар, амбициясын күні-түні ойлағандар.
Және сол қарапайымдылық сенің карьераңа да әсерін тигізеді. Мен осы жасыма дейін қарапайым бастық көргем жоқ.
Бұрын мен бақытты едім, өзімді қалай ұстағым келеді солай ұстайтынмын. Ойымдағы пікірімді жасырмаймын. Күлгім келсе күлемін, біреуге ренжігім келсе, бұртиямын, қысқасы өзімді айналама сол қалпында ұсынамын.
Қазір ше, өзіңді өзің үнемі бақылап отыруың керек, айтқан сөзің өзіңді қауып жатады, сөзімді үнемі бағып отырамын, күліп көңілді отырсаң басына бастайды, кекесін сөздер естисің. Амалсыз өз мінезіңе өзің қарсы шығып, жасандылық танытасың.
Шаршадым, өзіммен өзім болғым келеді.

Комментариев нет:
Отправить комментарий