Қош келдіңіздер!

13 февр. 2014 г.

Менің қойын дәптерімнен


Менде бұндай дәптерлер бесеу. Оқығандарымнан ұнағандарын түртіп ала бергенмін. Соларды көшіріп, блогыма жариялауғақолым тимей жатады. Бүгін соңғы кезде бастаған дәптерімдегі жазбаларды ұсынамын. Жалғасы бар.


"Кедей елдің симптомы - бірін-бірі аңду. Ол қазақта күшті дамыған. Бір ұжымның ішінде отырып, бірін-бірі аңдиды. Бұл рухани кедейшіліктің ең төменгі сатысы".

"Қазақтағы ұяңдық - ол белгілі мөлшерден тым асып кеткен.
Ұяңдық - бұл өз-өзіне сенімсіздік. Бірақ қазақтың бәрі ұяң емес. Оның мысалы осынша территорияны осы уақытқа дейін ұстап тұра алмас едік.."

Жапондықтар ешқашан сырттан келген жаңалықты сол қалпында қабылдамайтын халық. Кез-келген дәстүрді (сырттан келген) жапондандырып қабылдаған.
Мысалы: қытайдан келген будда дініні - жапонша дзен-буддизм дінін пайда қылдырды.
Жапондардың (140 мил.) өз тілі, өз әрпі бар. Әріп қытайдан келген, бірақ жапон тіліне лайықтап өзгертіп алған.
Олар қытай мен корейден өте-мөте ерекшеленеді. Мысалы қытай мен корей аттары үш буыннан тұрады - Пи Хень Ки, жапонша ұзақ - Кацумото Тонако. Қытай мен корейлерде "р" әрпі жоқ, жапондарда бар.
Жапондар ешқашан отар халық болмаған.
Олардың ешбір құлдықты бастан кешпеуі, "самурайлық" жүйеде жатыр.
Самурайлық ар-намыс кодексінің жинақ кітапбы "Бущидо" деп аталады.

Эрнест Төрехан (жазушы) Қазақ әдебиетінің 2013 жылғы 22 қарашадағы нөміріне шыққан мақаласында кітапханашыларға сенімсіздік танытады.

Ою-өрнектің құпиясы туралы Зағипа Иманғазиева (әнші) жақсы білем дейді. Мен де білгім келеді. Іздеу керек.

"Аяғы лас адам есіктен төрге дейін былғайды, көңілі лас адам бесіктен көрге дейін былғайды"
халық мәтілі

"Аспанға тас лақтырма, төбеңе түседі" (Маған қатты ұнайды)

"Естеріңізде болсын, талантсыз адамдар тегінде қызғаншақ келеді"
Қабдеш Жұмаділов

Қашанда өзіңізді жазғыра бермеңіз, мейлі қателік жасасаңыз да.

"Қарым-қатынаста кімге не айту керек екенін жақсы білген жөн" (қанша тырыссам да менің қолымнан келмей-ақ қойды О.С.)

"Кең әрі кішіпейіл болған сайын өзгелердің құрметіне бөлену бақытына ие боласыз" (Осы бір әдемі сөзге сенгім келеді, бірақ сене алмаймын О.С.)

"Кез келген жағдайда аса ибалы, салауатты болып көрінуге тырысыңыз" 

Оскар Уэйльд:
Еркек жүрегін жаулау үшін әйел оның бойындағы ең нашар қасиеттерін ояту керек. Сен еркектен құдай жасап алсаң, ол сені тастап кетеді. Ал нашар әдеттерін оятсаң, оны жыртқыш етесің, саған жету үшін артыңнан қалмайтын болады.

Әйел кенеттен жеңілу арқылы жеңеді.

Бәрінен үйреніңіз. Ешкімге еліктемеңіз!

Мен өзімнің артымнан не айтылатындығын білгім келмейді. Мен онсызда өзім туралы жоғары пікірдемін.

Адамды құртқың келсе, қайтадан тәрбиелей баста.

Еркек өзін әйел қолдап отырмайтын болса, ешбір жетістікке жете алмайды, ал әйелдер қоғамды басқарып отыр.

Барлық адамдар достарының қайғысына ортақтасады, алайда жетістігіне санаулысы ғана қуанады.

Еркек кез келген әйелмен бақытты бола алады, тек сүйгенімен емес...

 Нәжімеденов Ж.:
Мен өзімді көзқарасы ескі, түсінігі де әжептәуір көнерген адам санаймын. Ал көзқарасы, түсінігі жаңа жұрт жолдастықтың өзін керегіне қарай түсінеді, парызының өзін пайдасына шешеді. Ауыр, бірақ шындық. Амал қанша, солай достарым!

Комментариев нет:

Отправить комментарий